05.05.2025 жылы Жетісу облысы Әділет департаменті Талдықорған қаласының нотариустарына «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында нотариаттық қызметтерді атқару кезінде Заң нормаларының қатаң сақталуы туралы талқыланды.