Тыл ардагерімен кездесу

Тыл ардагерімен кездесу

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеуге орай Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Еркенов Ержан Еркенұлы тыл ардагері Дутбаев Канатбек Дуйсембекович пен жұбайы Дутбаева Пакизат Конкаевнаны мерекесімен құттықтады. Канатбек Дуйсембекович 1938 жылы 13 наурызда дүниеге келіп, соғыс тылында тынбай еңбек еткен ардагер.

Ержан Еркенұлы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбегі үшін ардагерге өз ризашылығын білдіріп, ізгі тілектерін айтты.

Ұлы Отан соғысы жылдарында елді азат етуге қатысқан соғыс және тыл майданы ардагерлерінің жасаған ерліктері мәңгі ел есінде.