Мемлекеттік қызметшінің оң имиджі

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджі

Алуа Какимовна Акашева мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам уақыт қызмет етуде. Кәсіби жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі Комитетінің Алматы облыстық әкімшісінің Қаратал аумақтық учаскесінде сот орындаушысы ретінде бастаған.
 
Әділет органдары саласында 2014 жылдан бері еңбек етіп, қазіргі таңда Жетісу облысы Әділет департаментінің Текелі қалалық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы - аға сот орындаушысы қызметін атқаруда. Кәсіби қызметі барысында 25-қазан Республика күніне орай «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Алуа Какимовна өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен, сапалы түрде атқаратын қызметкер. Әділет органдары саласында атқарған қызметі барысында өзінің біліктілігімен қатар адалдық, жанашырлық сияқты қасиеттерімен танылды. Осындай тәжірибелі мамандардың еңбек жолын насихаттау арқылы мемлекеттік қызметшінің оң имиджі қалыптасады.