
23.04.2025 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Аубакиров Елтай Нүсіпбекұлы Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай өткен жиынға қатысты. Аталған мереке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ресми түрде бекітіліп, биылдан бастап тойлана бастады. Шара барысында шақырылған қонақтар өскелең ұрпаққа кітап оқудың маңыздылығы туралы пікірімен бөлісіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесін қозғады. Сонымен қатар Елтай Нүсіпбекұлы кітапхана қорына құнды кітаптарды сыйға тартты.