
11.04.2025 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Жетісу облысының адвокаттар алқасы мен Жетісу облысының нотариаттық палатасы өкілдерімен бірлесіп, Кербұлақ ауданының тұрғындарына «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
Аталған шараның мақсаты - әділет органдарының құзіретіне жататын азаматтардың сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету.