Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Еркенов Ақсу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы Салтанат Жамаковна Сарсенбаеваны зейнетке шығуымен құттықтады

Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Еркенов Ақсу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы Салтанат Жамаковна Сарсенбаеваны зейнетке шығуымен құттықтады

Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е.Еркенов Ақсу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы Салтанат Жамаковна Сарсенбаеваны зейнетке шығуымен құттықтады.

Салтанат Жамаковна әділет органдары саласында ұзақ жылдар бойы өзіне жүктелген міндетті адал әрі кәсіби шеберлікпен атқарған қызметкер. С.Ж. Сарсенбаева мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1988 жылы бастаған. Әділет органдары саласында 2014 жылдан бері жұмыс істеп, 2023 жылдан Жетісу облысы Әділет департаментінің Ақсу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы - аға сот орындаушысы қызметін атқарған.

Салтанат Жамаковна еңбек жолында кездескен мәселелерді шешу барысында асқан шеберлік пен кәсібилік таныту арқылы мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға зор үлес қосты. Кәсіби қызметі барысында облыстық, аудандық, алғыс хаттар мен марапаттар, сондай-ақ ҚР Әділет Министрлігінің «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

Жетісу облысы Әділет департаменті ұжымы Салтанат Жамаковнаны зейнетке шығуымен шын жүректен құттықтап, атқарған адал еңбегі үшін алғыс білдіреді.
С.Ж. Сарсенбаеваның еңбек жолы әрбір мемлекеттік қызметшіге үлгі.