Өндіріспен айналысатын кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

Өндіріспен айналысатын кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

24.04.2024 жылы Жетісу облысы әділет департаменті және Текелі қалалық ауданаралық әділет басқармасының бастамасымен "Атамекен” кәсіпкерлер палатасы ғимаратында өндіріспен айналысатын кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.
Кездесуге Текелі қаласы әкімінің орынбасары Ә.М.Онгарбекова, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы филиалының басшысы Т.А.Жумадилов, сондай-ақ әкімшілік қызметкерлері және кәсіпкерлер қатысты.
Іс-шара барысында географиялық нұсқамалар және тауар белгісін заңға сәйкес тіркеу мәселелері талқыланды.