"Тегін заң көмегі күні"

"Тегін заң көмегі күні"

19.04.2024 жылы Жетісу облысы Әділет департаменті Жетісу облысының адвокаттар алқасының, Жетісу облысының нотариаттық палатасының, Жетісу облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының және Алматы облысы заң консультанттар палатасының өкілдерімен бірлесіп Қаратал  ауданы Бастөбе ауылдық округінің Бастөбе ауылында "Тегін заң көмегі күні" атты акциясы өткізілді.
Аталған шараның мақсаты: Әділет органдарының құзіретіне жататын азаматтардың сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету.
Акцияда 30-ға жуық азаматқа құқықтық түсіндіру жұмысы көрсетілді.