Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында орналасқан 12740 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесу өткізілді

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында орналасқан 12740 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесу өткізілді

11-12.04.2024 жылы Жетісу облысы Әділет департаменті Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасымен, Жетісу облысы адвокаттар алқасының адвокаттарымен бірлесіп мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі бойынша құқықтық консультация беру және құқықтық түсіндіру жүргізу мақсатында Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында орналасқан 12740 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға 560-ға жуық әскери борышын өтеуші қатысты.