
23.09.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету және азаматтардың құқықтық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Жетісу облысының Әділет департаментінде азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.Жеке қабылдауды Департамент басшысы Бексұлтан Жандос Елмұратұлы өткізді.
Қабылдау барысында азаматтың өтініші тыңдалып, көтерілген мәселелер зерделенді. Аталған мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндірмелер берілді.
Азаматтардың өтініштерін қарау және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар Департамент тарапынан тұрақты түрде жүзеге асырылуда.