«Бір ауыл – бір өнім» көрмесі аясында кәсіпкерлермен кездесу өтті

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесі аясында кәсіпкерлермен кездесу өтті

2026 жылғы 20 тамызда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Бір ауыл – бір өнім» көрмесіне Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б. Салтаев қатысып, өңір кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау, коммерцияландыру, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және нарықта тиімді ілгерілету мәселелері түсіндірілді.