Отбасындағы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Отбасындағы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-де әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Гульнар Имангельдиевна Кунакбаева сөз сөйлеп, жаңа Конституцияның отбасылық құндылықтар мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар құқықтық кабинеттің жұмысы туралы ақпарат берді.

Кездесуде қиын жағдайдағы отбасыларға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.