«Бір ауыл – бір өнім» көрмесі аясында кәсіпкерлерге географиялық нұсқамалар бойынша кеңес берілді

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесі аясында кәсіпкерлерге географиялық нұсқамалар бойынша кеңес берілді

🔺 Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Г. Кунакбаева және зияткерлік меншік құқығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б. Салтаев Жетісу облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бір ауыл – бір өнім» көрмесіне қатысып, кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Көрме аясында өңірдегі тауар өндірушілерге географиялық нұсқамаларды коммерцияландыру жолдары және олардың танымалдылығын арттыру тетіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, географиялық нұсқамалардың артықшылықтары, өнімнің бірегей ерекшеліктерін құқықтық қорғау және оны нарықта тиімді ілгерілету мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді.