
02.07.2026 жылы «Заң және тәртіп» қағидаттарын ақпараттық ілгерілету мақсатында Жетісу облысының жекеше нотариусы Айбат Касимов 107.2 толқынындағы Жетісу радиосының «Дидар ғайып» хабарында сұхбат берді. Сұхбат барысында жаңа Конституцияның қабылдануының елдің құқықтық жүйесін жаңғыртудағы рөлі туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар эфирде нотариустардың құқықтық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жаңашылдықтар, азаматтарға көрсетілетін нотариаттық қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін жетілдіру мәселелері талқыланды.