
01.07.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Жандос Елмұратұлы Бексұлтан І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен өткен «Конституция - құқықтық мемлекеттің негізі» атты Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне арналған дөңгелек үстелге қатысып, баяндама жасады. Баяндамада жаңа Конституцияның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі мен айтулы күннің маңызы туралы сөз қозғалды. Іс-шараға университет басшылығы, мемлекеттік органдардың өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, Конституциядағы өзгерістер мен олардың маңызы туралы ойларын ортаға салды.