Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай семинар өткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай семинар өткізілді

01.07.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай семинар өткізілді. Жиын барысында Департамент басшысы Жандос Елмұратұлы Бексұлтан жаңа Конституция мемлекетіміздің одан әрі жаңғыруына, заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ әділетті Қазақстанды құруға бағытталған маңызды тарихи құжат екендігін атап өтті. Сонымен қатар қызметкерлер жаңа Конституция бойынша енгізілген өзгерістер туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сондай-ақ Конституцияның негізгі қағидаттарын қызмет барысында сақтау мен басшылыққа алудың маңызы кеңінен талқыланды.