Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында семинар өткізілді

25.06.2026 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Жетісу облысы Әділет департаментінде ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнаманы сақтау мәселесі қозғалып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заң жобасы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар қарастырылған тақырыптарға қатысты бірқатар сұрақтар қойып, оларға жан-жақты түсіндірме берілді.