Деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін зияны мәселесі бойынша семинар өтті

Деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін зияны мәселесі бойынша семинар өтті

22.06.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінде «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ АТЖ және БАҚ-пен байланыс бөлімінің маман-теологы, РАТТ мүшесі Булекбаев Ерік Аманкелдіұлының қатысуымен семинар өтті. Семинар барысында деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін зияны және заңсыз діни қызметтің алдын алу шаралары туралы баяндалды. Сонымен қатар ойын мекемелерінде құмар ойындарына және бәс тігуге қатысудың алдын алу жайлы сөз қозғалды.