Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындарына «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындарына «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

26.05.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаменті Ескелді аудандық әкімдігі мен Ескелді аудандық прокуратурасымен бірлесіп, Жетісу облысы нотариаттық палатасы, Жетісу облысы адвокаттар алқасы және Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының өкілдерінің қатысуымен Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізді. Акция барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, құқықтық консультация жүргізілді. Нәтижесінде 87 ауыл тұрғынына құқықтық көмек көрсетілді.