
22.05.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Жандос Елмұратұлы Бексұлтан «Лудомания: әлеуметтік сын-қатерлер, қарсы іс-қимыл стратегиялары және құмар ойындарды мемлекеттік реттеу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Іс-шара барысында мамандар, сарапшылар мен қатысушылар лудоманияның жеке адамға, отбасыға және қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы баяндамалар жасап, өзара пікір алмасты. Конференция аясында тиімді қарсы іс-қимыл стратегиялары ұсынылып, қоғамда жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы айтылды. Қатысушылар бұл мәселені шешуде мемлекет, қоғам және отбасының бірлескен жұмысы аса маңызды екенін атап өтті.
Шара барысында «Қазақстандағы лудоманияны интегративті зерттеу және оны азайтудың көпсалалы стратегиялары» бағдарламасын іске асыру аясында әзірленген монографиялардың тұсау кесер рәсімі өткізілді.