
22.05.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттеріне ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні барысында студенттерге Департаменттің бөлімдерінің қызметі таныстырылып, жұмыс бағыттары мен негізгі міндеттері туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Іс-шара студенттердің кәсіби бағыт-бағдарын кеңейтіп, болашақ мамандықтарының қыр-сырын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Шараға 11 студент қатысты.