Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде заңдылықтың сақталуы бойынша дөңгелек үстел өтті

Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде заңдылықтың сақталуы бойынша дөңгелек үстел өтті

05.05.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында Жетісу облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Жетісу облысы нотариаттық палатасы мен ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында атқарушылық құжаттарды орындау кезінде заңдылықтың сақталуы және палаталар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.