«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы

«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы

23.04.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Жандос Елмұратұлы Бексұлтан Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ілгерілету аясында өткізілген «Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумына қатысты.
Аталған шараның мақсаты - өңір жастарымен ашық диалог орната отырып, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, заң мен тәртіп қағидаларының маңыздылығы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу. Кездесу барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, сала мамандарымен тікелей пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Форумға 200-ге жуық жас қатысты.