Ашық есік күні өткізілді

Ашық есік күні өткізілді

22.04.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Жандос Елмұратұлы Бексұлтан және Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының төрағасы Руслан Қадыржанұлы Исаев Талдықорған қаласы «Жанұя» отбасын қолдау орталығында пробациялық бақылаудағы азаматтарға «Ашық есік күнін» өткізді. Ашық есік күні барысында азаматтардың атқару өндірістері бойынша туындаған мәселелері қаралып, сұрақтарына толық жауап берілді. Акция нәтижесінде 12 азаматқа құқықтық консультация берілді.