16.04.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Медет Орынбекович Едрисов Жетісу облысы адвокаттар алқасы, Жетісу облысы нотариаттық палатасы мен Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерімен бірлесіп, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-де жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдаудың мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне тап болған әйелдерді құқықтық көмекпен қамтамасыз ету. Қабылдау барысында 6 азаматшаның сұрақтарына заң шеңберінде жауап беріліп, құқықтық кеңес беру жұмысы жүргізілді.