«Zhansugurov college» студенттеріне ашық есік күні өткізілді

«Zhansugurov college» студенттеріне ашық есік күні өткізілді

19.03.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығын қорғау бөлімінің ұйымдастыруымен «Адал азамат» жобасы аясында І.Жансүгіров атындағы «Zhansugurov college» студенттеріне ашық есік күні өткізілді. Кездесу барысында студенттерге зияткерлік меншік құқығы саласында атқарылған жұмыстар, географиялық нұсқама ұғымдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар саладағы жаңашылдық бірыңғай цифрлық платформаның қызметі таныстырылды. Кездесуге 27 студент қатысты.