19.03.2026 жылы ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Мәжіліс депутаттары, нотариаттық қоғамдастық және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Нотариаттық іс-қимылдардың заңдылығын қамтамасыз ету және нотариат қызметін цифрландыру» тақырыбында көшпелі отырыс өткізді.
Іс-шараға Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Ж.Е.Бексұлтан, басшы орынбасары М.О.Едрисов, құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы М.Н.Какимов, сондай-ақ Жетісу облысы аумақтық нотариаттық палатасының төрағасы А.С.Бекішбаев онлайн форматта қатысты.
Әділет министрі өз сөзінде нотариат қызметін жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту және билік тармақтары арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Қазіргі уақытта «Нотариат туралы»
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар заңнаманы жетілдіру мен цифрлық құралдарды дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.