«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

16.03.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Жетісу облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы мен Жетісу облысының нотариаттық палатасы, Жетісу облысының адвокаттар алқасының өкілдерімен бірлесіп, мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін көрсету аясында Талдықорған қаласында орналасқан 21751 әскери бөлімінің қызметкерлеріне «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді. Аталған шараның мақсаты - әділет органдарының құзіретіне жататын азаматтардың сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету. Акция барысында мамандар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, 72 азаматқа құқықтық консультация берді.