Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан 18386 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесу өткізілді

Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан 18386 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесу өткізілді

04.03.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысының Әділет департаменті және Талдықорған гарнизонының әскери полициясы бірлесіп, Жетісу облысының адвокаттар алқасы өкілінің қатысуымен мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі бойынша құқықтық консультация беру үшін Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан 18386 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында сарбаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті түсіндіру жұмысы жүргізілді. Аталған іс-шараға 23 әскери борышын өтеуші қатысты.