
03.03.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бақылау басқармасының бас маманы Нұрлан Жақыпұлы Сүлейменовтың қатысуымен семинар өтті.
Семинар барысында іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындары мен бәс тігулерге қатысуын болдырмау шаралары туралы сөз қозғалды.