eGov Mobile мобильді қосымшасында тауарлардың түпнұсқалығын цифрлық кодтар арқылы тексеру функциясы қолжетімді болды

eGov Mobile мобильді қосымшасында тауарлардың түпнұсқалығын цифрлық кодтар арқылы тексеру функциясы қолжетімді болды

eGov Mobile мобильді қосымшасында тауарлардың түпнұсқалығын цифрлық кодтар арқылы тексеру функциясы қолжетімді болды. Жаңа функционал Naqty Onim сервисі негізінде іске асырылып, пайдаланушыларға цифрлық таңбалау жүйесіндегі мәліметтерге жылдам әрі тегін қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда сервис жалған өнімдерге жиі ұшырайтын тауар санаттарын тексеруге мүмкіндік береді, олардың қатарында:
▫️дәрілік заттар,
▫️темекі өнімдері,
▫️аяқ киімдер бар.
eGov Mobile қосымшасында цифрлық кодты (Data Matrix-код) сканерлеу кезінде тауардың түпнұсқалығы, өндірушісі, негізгі сипаттамалары және шығарылған күні туралы ақпарат көрсетіледі.

Сервисті пайдалану тәртібі:
📌 eGov Mobile мобильді қосымшасына авторизациядан өтіп, «Сервистер» бөліміне кіру;
📌 «Naqty Onim» сервисін таңдап, деректерді ұсынуға келісім беру;
📌 «Бастау» батырмасын басып, смартфон камерасын Data Matrix-кодқа бағыттау.
Сканерлеу нәтижесінде пайдаланушыға тексеру қорытындысы көрсетіледі. Цифрлық код болмаған немесе дұрыс оқылмаған жағдайда жүйе тиісті хабарлама шығарады.
Бұл сервис тұтынушыларды жалған өнімдерден қорғауға бағытталған маңызды әрі қолайлы құрал болып табылады.