02.03.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінде дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Қызыл жарты ай» ұйымының басшысы Мурат Жанболатович Медеров қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау мақсатында оқу-жаттығу шарасын өткізді. Оқу-жаттығу кезінде эвакуациялау шаралары барысында қолданылатын байланыс және хабарлау құралдары тексеріліп, алғашқы медициналық көмек алгоритмдері таныстырылды. Сондай-ақ департамент қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Аталған шара қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.