
26.02.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы Б. Салтаев «Тауарлық таңба және жалған өнімдермен күрес» тақырыбында І. Жансүгіров атындағы колледж студенттеріне дәріс өткізді. Дәріс барысында тауарлық таңбаның маңызы, жалған өнімдердің зияны және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жолдары түсіндірілді.