
19.02.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласының жекеше нотариустарына «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында нотариаттық қызметтерді атқару кезінде Заң нормаларының қатаң сақталуы мәселесі талқыланды.