
Жетісу облысының жеке сот орындаушысы А.Е. Балтабаевтың өндірісіндегі алимент төлеуден жалтарған борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Жетісу облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 2 ақпандағы үкімімен алимент төлеу міндетін орындамаған азаматқа қатысты (ҚК 139-бабы) қылмыстық іс қаралды. ҚР ҚК 139-бабының санкциясы негізінде 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Текелі қалалық сотының 2021 жылғы 18 тамыздағы бұйрығымен азамат А. кәмелетке толмаған үш баласын асырау үшін алимент төлеуге міндеттелген. 2024 жылдың 22 қаңтарындағы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша сот қаулысымен алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Алимент төлеу бойынша міндеттерді орындамау 4 048 840 теңге сомасында берешектің пайда болуына әкелді.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді. Сот үкімімен азамат А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.