11.02.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Медет Орынбекович Едрисов Жетісу облысы адвокаттар алқасымен бірлесіп, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-де жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдаудың мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне тап болған әйелдерді құқықтық көмекпен қамтамасыз ету. Қабылдау барысында 6 азаматшаның сұрақтарына заң шеңберінде жауап беріліп, құқықтық кеңес беру жұмысы жүргізілді.