06.02.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Жандос Елмұратұлы Бексұлтанның төрағалығымен Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен «Адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері мен олардың атқарушылық іс жүргізу практикасында жүзеге асуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында жаңа Конституцияның жобасы таныстырылып, енгізілген өзгерістер туралы ақпарат берілді. Шараға қатысушы тараптар аталған өзгерістер туралы ойларын ортаға салып, өз салаларында жүзеге асыру тетіктерін талқылады.