Жетісу облысы әділет департаменті басшысының орынбасары тағайындалды

Жетісу облысы әділет департаменті басшысының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2025 жылдың 22 желтоқсанындағы №524ж бұйрығына сәйкес Медет Орынбекович Едрисов Жетісу облысы әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Медет Орынбекович еңбек жолын 2007 жылы «Ақмола облысының соттар әкімшілігі» ММ №1 Көкшетау аумақтық бөлімінің бас маманы ретінде бастады.
2009 - 2021 ж. аралығында әділет органы саласында түрлі қызметтер атқарды.
2021 қазан - 2025 желтоқсан аралығында Ақмола облысы әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.