Көксу ауданы Лабасы ауылдық округінің Талапты ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Көксу ауданы Лабасы ауылдық округінің Талапты ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

18.12.2025 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы әділет департаментінің басшысы Жандос Елмұратұлы Бексұлтан Жетісу облысы нотариаттық және Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарымен бірлесіп, Көксу ауданы Лабасы ауылдық округінің Талапты ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізді. Акция барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, құқықтық консультация жүргізілді. Нәтижесінде 23 ауыл тұрғынына құқықтық көмек көрсетілді.