
06.11.2025 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Е.Н.Аубакиров «Жетісу жастары» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Құқық және қоғам» семинарына қатысты.
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Талдықорған қаласының заң колледжі, Талдықорған индустриялық колледжі мен Авиценна медициналық колледжінің студенттері қатысты. Семинар барысында әділет органдарының атқаратын қызметі мен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тақырыптары бойынша ақпарат берілді. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру аясында жүзеге асырылған «Тараптар кабинеті» мен жасанды интеллект чат-ботының жұмысы таныстырылды. Аталған шараға 62 студент қатысты.