
31.10.2025 жылы Жетісу облысының барлық қалалары мен аудандарында жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелер бойынша тегін консультация беру. Акцияға орталық мемлекеттік органдар, аумақтық бөлімшелер, жергілікті мемлекеттік органдар мен облыстың құқыктық қоғамдастықтары, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары мен заң консультанттары қатысты. Азаматтар құқықтық мәселелері бойынша тікелей мемлекеттік органдардың өкілдері, адвокаттар, заңгерлер, нотариустар мен жеке сот орындаушыларынан жауап алды. Акция барысында облыстың 470 тұрғынына құқықтық көмек берілді.