«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

23.10.2025 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің Панфилов аудандық мәжбүрлеп орындату бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің бөлім басшысы Д.Ж. Маметеков пен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру Департаментінің ұйымдастыру - бақылау басқармасының жедел уәкілдері А.У. Мадиев, Б.Ж.Текесбаевтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет талаптарын сақтауға бағытталған шараларды күшейту. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтарына қатысты енгізілген өзгерістер, бірқатар сұрақтар мен тапсырмаларды талқылады.