16.09.2025 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаменті Жетісу облысы адвокаттар алқасымен бірлесіп, мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі бойынша құқықтық консультация беру аясында Талдықорған қаласында орналасқан 5514 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесу өтті. Кездесу барысында сарбаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараға 117 әскери борышын өтеуші қатысты.