31.07.2025 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің Ақсу ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Д.С.Калибеков Ақсу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту және кемшіліктерді болдырмау шараларын қарастыру туралы айтылды.