03-05.06.2025 ж. аралығында Жетісу облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі бойынша құқықтық консультация беру аясында Жетісу облысы адвокаттар алқасы мен Алматы облысы заң консультанттар палатасымен бірлесіп, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында орналасқан Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы техникалық және кәсіптік дайындық бөлімінің сарбаздарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында сарбаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Аталған іс-шараға 307 әскери борышын өтеуші қатысты.