Заң, ақпараттық технологиялар және қаржы саласының қызметкерлеріне «Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің құқықтарын сақтау» тақырыбында кездесу өтті

Заң, ақпараттық технологиялар және қаржы саласының қызметкерлеріне «Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің құқықтарын сақтау» тақырыбында кездесу өтті

05.06.2025 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы Б.Салтаев «Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің құқықтарын сақтау» тақырыбында Жетісу облысының «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» филиалының және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің заң, қаржы және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында заңды және қауіпсіз түрде қолдануға арналған бағдарламалар жиынтығы туралы түсіндірме жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар ЛБҚ-ны қолданудың маңыздылығы атап өтілді.