29.05.2025 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Қызыл жарты ай» ұйымы қызметкерлерінің қатысуымен терроризм жағдайындағы іс-әрекетке дайындық бойынша оқу іс-шарасы өткізілді.
«Қызыл жарты ай» ұйымының қызметкерлері алғашқы көмек алгоритмдерімен таныстырып, түсіндіру жұмысын жүргізді. Сондай-ақ департамент қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Аталған шара қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Сонымен қатар зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы Б. Салтаев электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың жауапкершілігі жайлы баяндама жасап, интернеттегі алаяқтықтың алдын алу жолдарымен таныстырды.