23.05.2025 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Жетісу облысы бойынша филиалының қызметкерлері және Жетісу облысы нотариаттық палатасының өкілдерінің қатысуымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында туындайтын өзекті мәселелерді анықтау және шешу мақсатында дөңгелек үстел өтті.