«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы

📢Көмектесу үшін бірігеміз!

🕘 30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады.

❓Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты кеңес алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

⚖️«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.

💼Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

📍Акцияның өтетін орны: Талдықорған қаласы Бірлік шағын ауданы 2А
«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимараты
Уақыты: 30.05.2025 ж. сағат 17:00

🛡️ Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!