«Ата Заң - Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дәріс оқылды

«Ата Заң - Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дәріс оқылды

21.05.2025 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Аубакиров Елтай Нүсіпбекұлы Талдықорған қаласының Innoverse High School мектебінің 10 сынып оқушыларына Конституцияның 30 жылдығына орай «Ата Заң - Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларға Конституция мен адам құқықтары туралы ақпарат берілді. Құқықтық түсіндіру дәрісіне 34 оқушы қатысты.